Energo University

14.03.2022

«YESSENOV LAUNCH PAD-2022» БАЙҚАУЫ

«YESSENOV LAUNCH PAD-2022» БАҒДАРЛАМАСЫ

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамыту бойынша қосымша оқудан өту үшін IT-мамандарға 10 (он) грант беруге жаңа конкурстың ашылғанын жариялайды.

  • ЕГЕР СЕН:
  • ҚР азаматы;
  • Қазақстандық ЖОО студенті немесе жұмыс істеп жүрген маманы болсаң;
  • Сенің мамандығың – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және / немесе сен Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін маман болсаң;
  • Өзіңнің soft және hard skills-інді жақсартқың келсе

Сенің ГРАНТ АЛУҒА және ұзақтығы 12 айға  созылатын онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндің бар!

Ол үшін 10.03-22.04.2022 ж. аралығында Қордың сайтында өтінімді толтырып, келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Міндетті құжаттар:

  • жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;
  • Неліктен саған қосымша дағдылар қажет екенін және ол дағдылар кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін қамтитын мотивациялық хат;
  • CV.

Қосымша құжаттар:

  • Үміткердің жетістіктерін және/немесе IT-саласының нақты саласында мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растау: – 3 құжаттан артық емес;
  • Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
  • Академиялық жетістіктері, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктері, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқанын растайтын сертификаттар – 3 құжаттан артық емес;
  • Жеке, ұжымдық жарияланымдар – 2-ден артық емес;
  • Диплом ( бар болған жағдайда)  (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
  • Әлеуметтік белсенділігі және ерікті ретінде атқарған жұмыстары үшін берілген сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес

* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар