Energo University

25.01.2022

ЭЭИ директоры IAAR үздік сарапшысы атанды

Өзінің 10 жылдығына орай білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жетекші халықаралық аккредиттеу агенттігі IAAR  (INDEPENDENT AGENCY FOR ACCREDITATION AND RATING)   "АЭжБУ" Электр энергетика және электр техника институтының директоры Жұбаныш Абдумиратовты үздік сарапшы атағына ұсынды.

IAAR  бас директоры Алина Жұмағұлова алғыс хатында оның белсенді өмірлік ұстанымы мен бәсекеге қабілетті білім беру қызметін арттыруға үлес қосуға ұмтылысын атап өтті. Сонымен қатар, ол агенттіктің атынан жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы нәтижелі ынтымақтастық үшін терең алғыс пен шынайы ризашылығын білдірді. ЭЭИ директорының жоғары кәсіби деңгейі  IAAR-мен  де бағаланды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Жұбаныш  Суйнуллаевич  Абдумиратовты осы жеңісімен құттықтайды. 4000 сарапшының ішінен 200 адам ұсынылды.

Алғыс

Сертификат

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар