19 қаңтарда Әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қуаныш Амангелдіұлы Рымқұлов өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Қуаныш Амангелдіұлы Рымқұлов 1972 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 9 жасынан бастап әкесі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амангелді Құрманұлы Рымқұловтың басшылығымен ауыр атлетикамен айналыса бастаған.
1988 жылы Қуаныш Амангелдіұлы КСРО спорт шебері нормативін орындады. 1993 жылы Қ.А. Рымқұлов Қазақ дене шынықтыру институтын дене шынықтыру және спорт жаттықтырушы-оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.1993 жылы Қ.А. Рымқұлов ҚР Қарулы Күштері қатарына шақырылды. 1994 жылы ҚР құрама командасы делегациясының құрамында Қ.А. Рымқұлов Хиросима қаласында (Жапония) өткен жазғы Азия ойындарына қатысып, ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. 1994 жылы ҚР ІІМ ішкі қызмет лейтенанты атағында ҚР ІӘ КББ дене дайындығы бойынша аға нұсқаушы лауазымына мерзімнен тыс қызметке келісімшартқа қол қойды. 1996 жылы Ячио қаласында ауыр атлетикадан ҚР құрамасы сапында Қ.А. Рымқұлов командалық есепте Азия чемпионы атанды. 1996 жылы ҚР құрама командасы делегациясының құрамында Атланта қаласында (АҚШ) өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.
1998 жылы Қ.А. Рымқұлов Қазақ дене шынықтыру институтының аспирантурасын сырттай бітірді. 1999 жылы Салық полициясы департаментінде аға инспектор лауазымында әскери қызметін жалғастырды.
Еңбек сіңірген жылдары бойынша 2001 жылы Қ.А. Рымқұлов Қаржы полициясының майоры деген кезекті атағын алды. 2002 жылы Қазақстан экономика және құқық институтын сырттай заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы №1 Таксомотор паркін басқарды.
2012 жылы Экономика және құқық университетін (UIB) «Executive MBA» бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында Әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Қ.А. Рымқұлов жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді, оқу-әдістемелік жұмыспен белсенді айналысады, өзінің ғылыми-теориялық деңгейін көтереді. Студенттер арасында спорттық-тәрбие жұмысы, мәдени және спорттық-бұқаралық қызмет бойынша ұйымды барынша жетілдіреді. Студенттер мен университет қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды белсенді түрде насихаттайды. Сондай-ақ, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер арасында үлкен құрметке ие.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік және табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!
Сілтемені көшіру