ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің сөйлеген сөзінен басты түйіндеме:
1.Қазақстан Республикасының жаңа премьер-министрі Алихан Смаилов.
Ол Мамин А.Ұ. орынбасары болған және үкіметтің отставкаға кетуіне байланысты премьер-министр қызметін атқарды.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген, ал 1996 жылы ҚМЭБИ мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған;
2.Президент үкімет, аймақ әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жариялады;
3.Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін біздің елде шетелдік мәртебелі университеттердің 5 бөлімшесін ашу қажеттігін айтты. ЖОО-ның екі бөлімшесі техникалық бағытқа байланысты болады және Қазақстанның батыс өңірінде ашылады.
4. Президент: «Мемлекеттік қызмет кез-келген қазақстандыққа қолжетімді болуы керек. Мемлекеттік қызметтен кету міндеттерін де жеңілдету қажет. Кейбір ынтасыз шенеуніктер ұзақ жылдар бойы өз кабинеттерінде отыра береді. Олар жас, әрі ынтагер мамандарға өсуге мүмкіндік бермейді. Бұндай шенеуніктермен оңай түрде қоштасу керек»;
Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев былай деді: «Барлығымыз бірге кез-келген қиындықты жеңеміз, біз бірге жаңа Қазақстанды жасаймыз».
Сілтемені көшіру