Energo University

28.11.2021

Тәуелсіздік – ел тілегі, Елбасы – ел тірегі

news.title_ru

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті  күніне орай,  2021 жылы 26 қарашада «Тәуелсіздік – ел тілегі, Елбасы – ел тірегі» атты тақырыпта, КИк-20-1,ЭЭк-20-6 топтарының студенттерімен бірге онлайн түрінде дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шарада  тақырыпқа сәйкес, «Елбасы және оның жасампаз идеялары»,«Тәуелсіздікке бастар жолда», «Н.Ә.Назарбаев – ұлтаралық келісім мен тұрақтылық кепілі» және т.б.  баяндамалар оқылып, пікір-алмасулар өтті.

Еліміздің  тәуелсіз ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, алып шығу үшін де үлкен қажырлы қайрат пен ұлтына  деген сүйіспеншілік қажет. Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы үшін  маңызды үлес қосқан Елбасымыздың арқасы екені бүгінде баршамызға мәлім. Бұл мерекенің тойлануының өзі ұлтқа берері мол. Ұлт Көшбасшысының өнегелі өмірі мен еңбек жолы жастар үшін үлгі мен тағылымның мектебі болып табылады. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосатыны сөзсіз..         

Әлеуметтік пәндер кафедрасының

аға оқытушылары: А.Ә. Әбдіқалық,  А.З. Бисенова

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар