Құрметті әріптестер, студенттер!
«Парасат» зияткерлік клубының өтетін кезекті мәжілісінің қонағы Досмұхамед Кішібеков - көрнекті ғалым, философия ғылымының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Кездесудің өткізілетін күні мен уақыты: бейсенбі, 25 қараша,14:00–15:30
Сілтеме
Досмұхамбет Кішібеков (15.12.1925 жылы туған, Шиелі ауданы) – ғалым, философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1974).
2-дүние жүзілік соғысқа қатысқан. Қызылорда педагогика институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) тарих факультетін бітірген (1948). 1948–49 жылдары Қызылорда мемлекеттік педагогика институтында оқытушы, 1949–53 жылдары КСРО Ғылым Академиясының Философия институтында аспирант, 1953–64 жылдары Қазақ политехникалық (ҚазҰТУ) институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер. 1964–96 жылдары Қазақ ұлттық техниклықа университетінің философия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды, 1996 жылдан осы университеттің қоғамдық пәндер кафедрасының профессоры. Қазіргі уақытта Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері.
Негізгі ғылыми еңбектері қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлі дүниетанымына арналған. Халықтың өткені мен бүгінін ғылыми саралап, оның діліне, болмысы мен әдет-ғұрпына, дүниеге көзқарасына философия талдау жасап, философия тарихы мәселесін зерттеді. Сондай-ақ, Кішібеков өтпелі кезеңдегі қоғамның даму заңдылықтарын, қоғамдық қатынастардың жай-күйін айқындап, бір қоғамнан екінші қоғамға өтуде демеуші факторлар қажет екендігін негіздеді.
«Достық» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды.
Кішібеков 580-нен астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 47 монография, оқулық, кітаптар мен кітапшалар жазды.
Өткізілетін күні мен уақыты: бейсенбі, 25 қараша ·14:00–15:30.
Сілтемені көшіру