«Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылғы 15 қазанда жобалау саласындағы ғылыми қызмет нәтижелері бойынша «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жобалау қызметі I санат» лицензиясын берді.
Лицензияланатын қызмет түрінің тармақтары:
- Өндірістік мақсаттағы объектілерді технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);
- Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);
- Ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлігін әзірлеу көлік құрылысы);
- Көлік, байланыс және коммуникация инфрақұрылымы объектілерін технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);
- Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау;
- Қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, Тарихи құрылыс аудандарын қала құрылысын оңалту үшін жобалау құқығымен) және жоспарлау;
- Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектілерін салуды технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлігін әзірлеу) - құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу және (немесе) реконструкциялау, сондай-ақ төменде көрсетілген жұмыстардың әрқайсысы үшін конструкцияларды күшейту үшін жобалау құқығымен) және конструкциялау;
-Бірінші немесе екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттік жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулет-реставрациялау жұмыстары үшін жобалау құқығымен).
Лицензия
Сілтемені көшіру