Energo University

20.09.2021

Бүгін Youtube AuesUniversity арнамызбен Zoom-да Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сагинтаева Сауле Саветовнаның жұртшылықпен есепті кездесуі өтті

news.title_ru

Бүгін Youtube AuesUniversity арнамызбен  Zoom-да Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сагинтаева Сауле Саветовнаның жұртшылықпен есепті кездесуі өтті.

Университет ректоры 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісті және әр бөлімге 2021-2022 оқу жылына арналған тапсырма берді.

Бір жыл аралығында ЖОО-ның танымалдылығы артқан, жатақханаларға толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізілген, заманауи жаңа зертханалар ашылып, университет компьютермен жабдықталды. 

Жаңа оқу жылына қойылған жоспар: IELTS-ке студенттерді дайындау барысында тілдік сабақтар іске қосылады, компьютерлік парк, ғылыми және зертханалық жабдықтар жаңартылады, кітапханалық қор толықтырылады. ЖОО-на қабылданатын ҰБТ баллдары жоғарылайды, сондай-ақ, халықаралық және республикалық дәрежедегі спорттық сайыстарға АЭжБУ студенттерін қатыстыру талаптарын күшейте түседі. 

Университет ректоры өз сөзін қорытындылай келе, АЭжБУ-дің барлық ұжымына күрделі оқу жылында атқарған жұмыстары үшін, ал студенттерге қашықтан тыс оқыту кезеңінде академиялық әділдік танытқаны үшін алғысын білдірді. Ерекше алғысқа ие болған қамқоршылар кеңесін де атап өтті.

Жұртшылықпен кездесудің толық нұсқасын Youtube-тегі AuesUniversity арнасынан көре аласыздар.

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар