Михаил Владимирович Башкиров 15.08.1951 жылы туған, Электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері кафедрасының доценті.
Михаил Владимирович 1973 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Инженер-электрик» біліктілігімен «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. 1998 жылы оған Ғылыми кеңестің шешімімен «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасы бойынша «Академиялық доцент» ғылыми атағы берілді. Еңбек өтілі – 48 жыл. Педагогикалық өтілі – 45 жыл.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Алма-Атаэнерго» Энергосбыт АБ бағыты бойынша жіберілді. Аға техник лауазымына қабылданып, әрі қарай инженер лауазымына ауыстырылды.
Ал 1975 жылы Алматы энергетикалық институтына ауыстырылды. ҒЗС-та инженері лауазымына қабылданып, кейін «Электр станциялары және қосалқы станциялар» кафедрасының ассистенті лауазымына ауыстырылды.
Михаил Владимирович 1984 жылы Мәскеу энергетикалық институтының күндізгі аспирантурасын аяқтады.
1985 жылы Алматы энергетикалық институтының «Электр станциялары мен қосалқы станциялары» кафедрасының ассистенті қызметіне қабылданды. Одан әрі «Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қалаларды электрмен жабдықтау» кафедрасына ауыстырылды.
1992 жылы Электр энергетикасы факультеті деканының орынбасары болып тағайындалды. Кейін конкурс бойынша сайланған аға оқытушы лауазымына ауыстырылды.
2001 жылы «KEGOC» ААҚ атқарушы дирекциясы ҚР БЭЖ орталықтандырылған диспетчерлік басқару департаментінің релелік қорғау және автоматика қызметінің жетекші маманы болып қабылданды және Қазақстан БЭЖ ОДБ-ға релелік қорғау және автоматика қызметінің бас маманы болып ауыстырылды.
2005 жылы Алматы энергетика және байланыс институтының «Электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі қызметіне қабылданды.
Қазіргі уақытта «Электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері» кафедрасының доценті болып жұмыс істейді.
Михаил Владимирович 12-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы және бірлескен авторы.
Михаил Владимировичтің еңбек жолы тек жоғары оқу орнының басшылығы тарапынан ғана емес, республикалық деңгейде де жоғары бағаланды. 2011 жылы «Құрметті энергетик» төсбелгісімен, 2016 жылы Бостандық ауданы әкімінің «Алғыс хатымен», 2018 жылы «Білім беру үздігі» медалімен марапатталды.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс, дарынды оқушыларды, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді!
Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!
Сілтемені көшіру