Energo University

15.06.2021

КТ-2021-ге өтініштерді қабылдау 18 маусымнан басталады

news.title_ru

КТ-2021-ге өтініштерді қабылдау 18 маусымнан басталады

2021 жылдың 18 маусымынан бастап app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға тіркеу басталады.

Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) ӨЗІҢІЗ таңдайсыз!

Кешенді тестілеу 2021 жылдың 20 шілдесі мен 10 тамызы аралығында өткізіледі.

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 3 блоктан тұрады:

• Шет тілі бойынша тест;

• Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;

• Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

* Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады.

Кешенді тестілеуге қатысу құны –  8292 теңге.

Кешенді тестілеуге төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

TESTCENTER.KZ материалдары бойынша // КТ-2021 өтініштерді қабылдау 18 маусымнан басталады / / Автор: TESTCENTER.KZ- 2021 - 15 маусым

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар