Energo University

24.05.2021

Ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі «2020 жылдың үздік инженері» атағына ие болды!

news.title_ru

Биыл «Жылдың үздік инженері» конкурсын Ұлттық Инженерлік Академия алтыншы рет өткізіп отыр.

Комиссия еліміз мақтана алатын ірі индустриялық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға лайықты үлес қосқан үздік инженерлерді анықтады.

«2020 жылдың үздік инженері» конкурсына қатысу үшін өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыруды, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды, өнімнің, технологияның, жұмыстар мен қызметтердің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті кандидаттар ұсынылды.

Конкурс жыл сайын еліміздің үздік инженерлерінің жетістіктері мен тәжірибесін насихаттау және инженер мамандығын танымал ету мақсатында өткізіледі.

Ертең сағат 16.00-де Zoom платформасында ҚР Ұлттық Инженерлік академиясы Президиумының отырысы өтеді. Отырыс аясында «2020 жылдың үздік инженері» конкурсының жеңімпаздарын құттықтау болады.

Сәйкестендіру нөмірі: 630 702 4001

Құпиясан: 123789

Қуаныш Арингожаевич Алипбаевты  «2020 жылдың үздік инженері» конкурсындағы жеңісімен құттықтаймыз!

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар