Energo University

04.05.2021

Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс

news.title_ru

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай, ардагерлерге  құрмет көрсету, аға ұрпаққа құрметпен қарау,  жастардың бойында қазақстандық патриотизм, отаншылдық сезім және өз елінің тарихына  деген  қызығушылықтарын арттыру  мақсатында,  әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушылары А.Ә. Әбдіқалық пен  А.З. Бисенованың ұйымдастыруымен онлайн форматта  2021 жылдың 4 ші мамырында  ЭЭк-19-1,4,14 топтары студенттерімен «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.  Аталған шараға  студенттер белсенді түрде қатысып,  мазмұнды баяндамалар  жасалды. Тақырыпты нақты деректі мысалдармен, жан-жақты талқылап,  майдангерлеріміздің жанқиярлық ерліктері мен тыл ардагерлерінің жеңіске жетуге қосқан зор үлесін еске алды. Сонымен қатар, студенттер өздерінің ата-әжелері туралы, олардың  майдан мен тылдағы бастан кешкен  оқиғалары туралы мәліметтермен  бөлісті.       

Осындай іс-шаралардың тәрбиелік мәні өте зор. Жастар соғыстың не екенін, бейбітшіліктің қалай келгенін, тәуелсіздіктің  қадірін барынша ұғынды. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді деген сенімдеміз.

 ӘП кафедрасының аға оқытушылары

                                                                   А.Ә. Әбдіқалық пен  А.З. Бисенова

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар