Energo University

18.04.2021

ІІ Нобель фестивалі – «Болашақты құра отырып…»

news.title_ru

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ Қазақстандағы Ғылым күніне арналған «Болашақты құра отырып…» атты ІІ Нобель фестивалі – Қазақстандағы ғылыми-көпшілік дәрістерінің серіктесі болды.

Ұйымдастырушылар екінші фестивальдің тақырыбын технологиялар мен инновацияларға арналған үш негізгі бағытқа арнады: Мүмкіндіктер экономикасы, Болашақ индустриясы және EdTrends (білім беру трендтері). Бес күн бойы тікелей эфирде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері ZOOM платформасында Нобель дәрістері апталығында ғалымдарға қызықтырған сұрақтарын қоюға эксклюзивті мүмкіндік алды.
Фестиваль бағдарламасы білім беру реинжинирингі, ақылды қалаларды дамыту, мүмкіндіктер экономикасын құру және тұрақты даму мәселелеріне бағытталған. Студенттер физика, іргелі физика, химия, математика, медицина бойынша Нобель сыйлығы лауреаттарының 13 онлайн дәрісіне қатысты, олардың ішінде:
Вафа Камран – Іргелі физика саласындағы жетістіктері үшін сыйлығының иегері (2017)  – «Ғалам жұмбақтары»;

Мазер Джон – Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2006) – «Біз Ғаламның тарихына James Webb ғарыштық телескопымен қараймыз»;

Ван  Ифан – Іргелі физика саласындағы жетістіктері үшін сыйлығының иегері  (2006) – «Шексіз кішіге квест»;

Хэкон Кристофер – Математика саласындағы серпіліс  сыйлығының иегері (2017) – «Алгебралық көптүрлілік геометриясы»; 

Пейдж Лайман & Спергель Дэвид – Физика саласындағы серпіліс сыйлығының иегері –  «Ғарыштық микротолқынды ая іргелі физика мен Ғаламның эволюциясының зондтары ретінде».

Нобель дәрістері апталығында халықаралық атақтарға және әлемдік деңгейдегі ғылыми сыйлықтарға ие болған 14 бірегей зерттеуші сөз сөйледі. Барлық дәрістерді Nobel Fest YouTube арнасынан көруге болады. 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар