Energo University

08.04.2021

2021 жылғы 12 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығымен бірлесіп «Қазақстанның жасыл энергетикасының орнықты дамуы» тақырыбында ғылыми-практикалық вебинар өткізеді

news.title_ru

2021 жылғы 12 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығымен бірлесіп «Қазақстанның жасыл энергетикасының орнықты дамуы» тақырыбында ғылыми-практикалық вебинар өткізеді.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ (бұдан әрі – АЭжБУ) Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығымен бірлесіп «Қазақстанның жасыл энергетикасының орнықты дамуы» тақырыбында ғылыми-практикалық вебинар өткізеді. Өткізілетін іс-шараның мақсаты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу және мүдделі ұйымдар үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Осыған байланысты, Сізді және  Сіздің қызметкерлеріңізді 12 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де Zoom платформасында (конференция сәйкестендіргіші: 357 954 8877, кіру коды: 1) өтетін осы вебинарға қатысуға шақырамыз.

Қатысуды және тіркелуді растау үшін қатысушылардың мәліметтерін АЭжБУ Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бас маманы Ж.Б. Сүйменбаеваға zh.suimenbayeva@aues.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

\"\"

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар