Energo University

21.01.2021

2021 жылдың 26 қаңтарында сағат 15:00-де Google Meet платформасында «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі және қашықтықтан оқыту сапасы» тақырыбында ВЕБИНАР өтеді

news.title_ru

2021 жылдың 26 қаңтарында сағат 15:00-де Google Meet платформасында «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі және қашықтықтан оқыту сапасы» тақырыбында ВЕБИНАР өтеді. Шараны ұйымдастырушылар – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ), Қазан Федералдық Университеті, «МЭИ» Ұлттық Зерттеу Университеті, Беларусь Мемлекеттік Информатика және радиоэлектроника университеті, Қазақ-Британ университеті, сондай-ақ Қазақстандағы Kaspersky Lab.

Іс-шараның мақсаты келесі бағыттарды талқылау болып табылады:

–  Қашықтықтан білім беруді дамытудың үрдістері мен перспективалары.

– Қашықтықтан білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және оқу процесінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану мәселелері.

–  Ашық білім беру платформаларын қолдану және оқыту процесінің ерекшеліктері.

– Қашықтықтан оқытуға арналған оқу материалдарын әзірлеу әдістемесі.

–  Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып,  студенттерді даярлау сапасын арттыру.

Вебинар жұмысына Қазақстандағы Kaspersky Lab басқарушы директоры Евгений Питолин, сондай-ақ ҚБТУ докторанты Арман Нәсір қатысады деп күтілуде.

Спикерлер ретінде Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды.

Вебинар қорытындысы бойынша Қашықтықтан оқыту форматының тиісті бағыттарына ұсынымдар қабылданады.

Platform Google Meet – meet.google.com/wbj-mguc-tfh

Өту күні және уақыты: 26 қаңтар, сағат 15.00-17.00

Байланыстар: WhatsApp +7 705 8409516,e-mail: a.gadylbek@aues.kz,l.nurmuratova@aues.kz    

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар