Қазақстан энергетиктері күніне орай, нақтырақ айтқанда, еліміздегі электрлендіру жоспарының 100 жылдығына орай, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, электр энергетика және электр техника институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент - Жұбаныш Сұйнұллаұлы Qazaqstan TV арнасына сұхбат берді.
Желтоқсанның 21 күні, «Таңшолпан» таңғы бағдарламасына арнайы қонақ болып қайтқан Жұбаныш Сұйнұллаұлы еліміздегі энергетика саласы жайында, атап айтқанда:
- Бүгінгі таңда техника мен технология қарыштап дамуда. Әр салада елеулі өзгерістер болып жатыр. Ал, энергетика саласында әлемде және елімізде қандай жаңалықтар болып жатыр;
- Энергетика кез-келген елдің дамуында аса маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта біздің елімізде бұл салада шешімін табуы керек дейтін өзекті мәселелер;
- Энергетика саласында маман дайындауда қандай стратегиялық бағыттарға басымдық берілуі тиіс;
- Онлайн оқу: қиындықтары мен артықшылықтары;
- Бүкіл саналы ғұмырын энергетика саласына арнаған тәжірибелі маман ретінде Жұбаныш Сұйнұллаұлының талапкерлерге берген кеңесі мен тілегі, сынды бірқатар мәселелерді талқылап, осыған қатысты сұрақтарға жауап берді.
Толығырақ сілтеме бойынша.
Сілтемені көшіру