Energo University

09.12.2020

Онлайн режиміндегі сұхбат

news.title_ru

10 желтоқсан күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Сагинтаеваның студенттермен қысқы сессия және академиялық адалдық мәселелері бойынша онлайн-кездесуі өтті. Онлайн-кездесуге Академиялық қызмет жөніндегі проректор С.В. Коньшин, Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор   С.К. Махмутов, Цифрлық офицер Е.К. Төленбеков және институт директорлары Ж.С. Абдимуратов, Б.Т. Бахтияр, Г.К. Балбаев, Т.С. Қартбаев қатысты.

Онлайн-кездесу барысында студенттер емтихан сессиясын және емтихан кезіндегі прокторингті алып тастау туралы тілектерін білдірді, оған басшылықтан қысқы кезең академиялық күнтізбеге сәйкес, прокторингті қолдана отырып, штаттық режимде өтеді деген нақты жауап берілді.

Емтихандар Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырылады және платонустағы прокторингтің автоматтандырылған жүйесі рәсімі бойынша өткізіледі, онда сессиялар жазылады және бұзушылықтар мәніне талдау жасалады. Онлайн-тестілеу бойынша ақпарат (нұсқаулық) сайтта ұсынылған.

Барлық түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Кездесу жазбасы және келіп түскен сұрақтарға толық жауаптар университеттің aues.kz сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. 

Онлайн кездесудің жазбасы

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар