Energo University

17.11.2020

Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ \"Жылу энергетикалық қондырғылар\" кафедрасының профессоры, ғылым докторы Рахимжан Кабиевич Орумбаевқа Ұлттық Ғылым Академиясының академигі атағы берілді.

news.title_ru

2020 жылдың 18 қарашасында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде ЖЭҚ кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Рахымжан Кабиевич  Орумбаевқа «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының профессоры» атағын беру (ҚР ҰҒА Төралқасының 2020 жылғы 30 қазандағы №9 шешімімен, №9 хаттама) туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының дипломын салтанатты түрде табыстау өтті.

Салтанатты жағдайда «АЭжБУ» КеАҚ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева және ҚР ҰҒА академигі, АЭжБУ профессоры, т.ғ.д. Бірлесбек Қаниұлы Алияров Рахымжан Қабиұлына үздік ғылыми және педагогикалық қызметі үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде Рахымжан Қабиұлы Ректорға және қатысушыларға сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да барлық ұмтылыстар ғылыми қызметті дамытуға, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ғылыми және академиялық ортадағы мәртебесін арттыруға бағытталатынын атап өтті.

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар