Energo University

02.11.2020

АЭжБУ АҚ жөніндегі проректордың 2 қарашадағы өкіміне сәйкес, өткен аптада аралық бақылаудан өтпеген не тапсырмаған, не төмен (69% және одан төмен) баға алған білім алушылар үшін «1-аралық бақылауды» өткізу мерзімін ұзартады

news.title_ru

Құрметті студенттер!

АЭжБУ АҚ жөніндегі проректордың 2 қарашадағы өкіміне сәйкес,  өткен аптада аралық бақылаудан өтпеген не тапсырмаған, не төмен (69% және одан төмен) баға алған білім алушылар үшін «1-аралық бақылауды» өткізу мерзімін ұзартады және 2020 жылдың 4 қарашасынан бастап 8 қарашасы аралығында қосымша тестілеу өткізеді.

Әр пән бойынша тестілеуді әр оқытушы белгілі бір күнге 00.00-ден 24.00-ге дейін тағайындайды. Студент пән бойынша тестті 24 сағат ішінде тапсыра алады.

Сұрақтар мен жауаптардың экранда анық көрсетілуі үшін, білім алушылар тестілеуді тек ноутбук немесе компьютер арқылы тапсыруы қажет. Тестілеуді өту кезінде смартфондарды пайдалану техникалық апелляцияға себеп бола алмайды, себебі мобильдік қосымша арқылы тест тапсыру мүмкін емес.

Тестілеуден қайта өткен жағдайда, Платонусқа соңғы тестілеу үшін алынған баға қойылады (бұрын қойылған бағаға қарамастан).

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар