Energo University

03.09.2020

АЭжБУ - МЭИ бірлескен желілік білім беру бағдарламасы

news.title_ru

АЭжБУ-да білім ала отырып, Сіз бакалаврларды даярлаудың желілік білім беру бағдарламасы бойынша 38.03.01 – Экономика бағытында екінші жоғары білім ала аласыз.

Оқыту Ресей Федерациясының мемлекеттік үлгідегі дипломын бере отырып, "МЭИ" Ұлттық Зерттеу университетінің бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Студенттер жаднаманы қолдану арқылы МЭИ қабылдау комиссиясының жеке кабинетінде тіркеліп, барлық мәліметтер мен құжаттардың электрондық көшірмелерін сол жерге тапсырады.

Бірақ оларды түпкілікті жібермеңіз! (бұл туралы жадынамада жазылған). Студенттер барлық деректерді 7 қыркүйекке дейін тапсырады.

Студенттер Жеке кабинеттің логині мен паролін, сондай-ақ E-mail және телефон нөмірін  тәлімгерге (saule_kuanyshkyzy@mail.ru) жібереді.

Студенттер 12-13 қыркүйекте орыс тілі мен математикадан қашықтықтан түсу сынақтарын өз бетінше тапсырады. Барлық мәліметтер жаднамада көрсетілген.

Оқу мерзімі – үш жыл алты ай (АЭжБУ 2, 3 және 4- курстары).

МЭИ бітіру біліктілік жұмысын қорғау (АЭжБУ бітіру жұмысы негізінде орындалады) АЭжБУ – де маусым айының соңында-шілде айының басында АЭжБУ базалық мамандығы бойынша дипломдық жұмысты қорғағаннан кейін жүргізіледі.

3 жыл 6 айға арналған бағдарлама үшін нақты оқу құны 6 толық семестрге және жарты семестрге төленеді. Бір семестрдің құны 243 000 теңгені құрайды, 6 ай құны - 121 500 теңге. 3 жыл 6 айдағы оқытудың жиынтық құны 1 579 500 теңгені құрайды.

Толық ақпарат алу үшін АЭжБУ-дің бағдарлама үйлестірушісі С. К. Тулегеноваға 8(705)208-30-12 телефоны немесе s.tulegenova@aues.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады

Оқуға түсу кезіндегі жадынама

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар