Energo University

30.08.2020

Жаңа оқу жылы

news.title_ru

Жаңа оқу жылы

АЭжБУ-да IT мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін жаңа оқу жылы қашықтықтан оқу форматында басталса, техникалық салада оқитын студенттер үшін аралас форматта өтеді. Университет жаңа оқу жылына дайын.

Өткен жылдық тәжірибеге сүйенсек, студенттердің техникалық жабдықталуында және олардың қашықтықтан оқуға дайындықтарында бірқатар қиындықтардың бар екенін көрдік. Бүгінгі таңда Республика бойынша 185 000 білім алушының компьютері жоқ. Тапшылық әсіресе көп балалы, аз қамтылған отбасыларда байқалады. Осы фактті ескере отырып, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ бірінші курс студенттеріне 800 ноутбук сыйлады.

Науқан университеттің 45 жылдығына қарай өтті. ҰБТ-дан жоғары балл алған студенттерге Lenovo ноутбугін сыйға тартты.

Сонымен қатар, биыл 80 мыңнан астам адам мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болды, оның ішінде 1967 қазақстандық студент Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде мемлекет тарапынан тегін білім алатынын да айта кету керек.

Жаңа оқу жылы игі істерге толы болсын. Білім жолындағы биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар