Energo University

09.08.2020

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

news.title_ru

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары және мамандырылған ғылыми бағыттар  бойынша 2021-2023 жылдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды: Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология; Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар; Энергетика және машина жасау; Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар; Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; Өмір және денсаулық туралы ғылым; Білім және ғылым саласындағы зерттеулер; Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер; Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитеті сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған. Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Елшибеков Ренат, тел. 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, 74-24-68, қаржылық сұрақтар бойынша – Шаймағамбетов Еркін,  тел. 8 (7172) 74-16-53, 74-27-64, заңға қатысты сұрақтар бойынша – Можанова Альбина, тел. 8 (7172) 74-24-67. Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша беріледі. Өтінімдерді қабылдау– 2020 жылғы 14 тамыздан. басталады

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2020 жылғы 28 қыркүйек (қоса алғанда).

2021-2023 ж. Конкурстық құжаттама

Жаңалық түпнұсқасына өтіңіз

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар