Energo University

02.06.2020

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз агенттіктің білім беру бағдарламаларының рейтингісінде көшбасшы орынға ие болды.

news.title_ru

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз агенттіктің білім беру бағдарламаларының рейтингісінде көшбасшы орынға ие болды.

Рейтингте бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары  қатысып, 1 және 2-орындарды иеленді.

Бакалавриат білім беру бағдарламалары

Автоматтандыру және басқару 1 орын
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 1 орын
Энергетика  1 орын
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 1 орын
Ғарыштық техника және технологиялар 1 орын
Аспап жасау 1 орын
Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету 1 орын
Жылу энергетикасы 2 орын
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 2 орын
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 2 орын

Магистратураның білім беру бағдарламалары

Автоматтандыру және басқару 1 орын
Электр энергетикасы 1 орын
Аспап жасау 1 орын
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 2 орын
Ғарыштық техника және технологиялар 1 орын
Жылу энергетикасы 2 орын
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 2 орын
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 2 орын

Өткізілген рейтингтік зерттеудің мақсаты келесі сұрақтарға жауап беру болып табылады:

  • шешім қабылдау үшін қоғамға ақпарат беру (талапкерлер мен олардың ата-аналарына; саясаткерлерге; қорларға; жұмыс берушілерге; Халықаралық ұйымдарға);
  • жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
  • жоғары оқу орындарының оқытудың нәтижелілігіне, зерттеу жұмыстарына, халықаралық алмасуға, оқытушы-профессорлар құрамының жұмыс сапасына қатысты қызметін жақсарту бойынша ынталандыру,;
  • жұмыс берушілердің, сарапшылардың, студенттердің және түлектердің білім беру бағдарламаларын бағалау.

Рейтингтегі ұстаным АЭжБУ жүргізетін жемісті жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Толығырақ:  БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІ-2020

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар