Energo University

02.05.2020

2020 жылдың 30 сәуірі АЭжБУ-де Қазақстанның практик экологтар қауымдастығының мүшесі Тимур Михайлович Сапаевтың онлайн дәрісі өтті

news.title_ru

2020 жылдың 30 сәуірі Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Жылу энергетика және жылу техника институтының «Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасы негізінде  университеттің оқытушылары, студенттері мен магистранттарының қатысуымен техника ғылымдарының магистрі, СМАРТ Инжиниринг ЖШС жетекші инженері, Қазақстанның практик экологтар қауымдастығының мүшесі Тимур Михайлович Сапаевтың онлайн дәрісі өтті.

Онлайн дәріс тақырыбы ҚР Экологиялық кодексін қолданудың өзекті мәселелеріне, табиғатты пайдалануды реттеу тақырыбына арналды. Орта кәсіпорынның қарапайым "кейс" жұмысында экологиялық құжаттаманы әзірлеу, құқық белгілейтін құжаттарды алу, өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу қарастырылды.

Экологиялық құжаттамалардың ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау кезеңдері, эмиссиялар нормативтерінің жобалары, МЭС өту және кешенді сараптама, өтінім беру және эмиссияларға рұқсат алу мәселелері қозғалды. Бұдан басқа, ҚР жаңа ЭК тұжырымдамасы, қолданыстағы және тақырыпқа жақын бірқатар басқа да сұрақтардың жауаптары айтылды.

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар