Energo University

29.04.2020

Сіздерді келе жатқан 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар және докторанттар!

Сіздерді келе жатқан 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері — бұл ең алдымен, барлық қазақстандықтардың ұлтына және діни ұстанымына қарамастан, ұлы және берік достығының нәтижесі. Бұл күн -  жылдың ең жарқын және шуақты күндерінің бірі!

1 мамыр - біздің елімізде тұратын көптеген халықтар мен ұлттар бейбітшілігінің, келісім- түсіністігінің, достық пен бірлігінің мерекесі!

Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, жұмысыңыз бен оқуыңызға жеміс, біздің ортақ шаңырағымыз - тәуелсіз Қазақстанға шаттық, құт-береке тілеймін!

 

Құрметпен, ректор Сауле Сагинтаева

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар