Energo University

26.04.2020

Режим ЧП в Казахстане продлен до 11 мая

news.title_ru

Қазақстанда ТЖ режимі 11 мамырға дейін ұзартылды

Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты, ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін төтенше жағдай режимін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі елдің әрбір отандасымыздың өміріне қамқорлық жасайтынының тағы бір дәлелі болып табылады. Қазақстан, өз кезегінде, төтенше жағдайды ұзартып, вирустың таралуына жол бермеу үшін күресуде.

Президент коронавирустың таралуымен күресіп жатқан дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне тағы да алғыс білдірді. Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп. Сондықтан, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет шұғыл шаралар қабылдауда.

 «Біздің басты міндетіміз - азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Біз, сондай-ақ халықтың табысын сақтау, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаймыз. Тағы да қайталап айтамын: қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» - деді Президент.

Әрбір адамның жауапкершілік танытуы карантиннің тоқтатылуына және эпидемияның басылуына септігін тигізеді.  Қозғалысты шектеу, гигиена шараларын сақтау – мемлекетке ең жақсы көмек.

https://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/akorda_other_events/zayavlenie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-1

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар