Energo University

14.02.2020

Жылу энергетика және жылу техника институты студенттерінің «АлЭС» АҚ Басқарушы директорымен кездесуі

news.title_ru

АЭжБУ 45 жылдығын мерекелеу аясында 2020 жылдың 13 ақпанында «А» ғимаратындағы №1 кітапхана залында Жылу энергетика және жылу техника институты студенттерінің АЭжБУ 1982 жылғы түлегі, «АлЭС» АҚ Басқарушы директоры Исахан Актанович Сырғабаевпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында И. А. Сырғабаев «Алматы электр станциялары» АҚ қызметінің негізгі бағыттары мен түрлері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, студенттер практикадан өту тәртібі, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы хабардар болды.

Кездесу қатысушы студенттердің қызығушылығын оятты.

ЖЭО-дағы жұмыстың кәсіби аспектілері бойынша диалог жасалды, студенттер «АлЭС» АҚ-да жұмысқа орналасу мүмкіндігі мәселесі бойынша айтып, өз тілектерін білдірді.

Бүгінгі күні «АлЭС» АҚ мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Келісімдер аясында «АлЭС» АҚ үшін мамандарды мақсатты даярлауды ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ жылу-электр энергетикасы саласындағы өзекті және келешектегі қажеттіліктерге сәйкес мамандар даярлауды жүргізу көзделген.

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар