Energo University

Халықаралық ынтымақтастық 25.12.2024

EU студенттері Huawei ICT Competition 2024 халықаралық байқауында жеңіске жетті

news.title_ru

Huawei ICT Competition 2024 халықаралық байқауында Energo University студенттері құрамына кірген командалар Computing Track және Network Track бағыттары бойынша бірінші орынға ие болды.

Қазақстандық студенттер Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірінің 19 елінен қатысқан 31 мыңнан астам қатысушының ішінен үздік шықты. Престижді Huawei ICT Competition байқауы 15-19 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтті.

Ұлттық іріктеу қорытындысы бойынша алты жоғары оқу орнынан тоғыз студент Қазақстан атынан өңірлік финалға қатысты. Network Track бағыты бойынша бірінші орынды Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының Телекоммуникациялық инженерия кафедрасының «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенті Дамир Абдуғаниев команда құрамында жеңіп алды. Computing Track бағыты бойынша Huawei академиясының Energo University оқытушысы Татьяна Голубева басшылық еткен команда құрамында Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының Киберқауіпсіздік кафедрасының «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының студенттері Аманжан Сабырғали мен Закир Даулбаев бірінші орынға ие болды.

Енді студенттер мен олардың жетекшісі 2025 жылдың мамыр айында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Huawei ICT Competition жаһандық байқауында ел намысын қорғайтын болады. Құттықтаймыз және сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

Студенттік өмір

Халықаралық ынтымақтастық

Ақпараттық технология

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар