Energo University

Студенттік өмір 25.12.2024

Energo University-де физика бойынша конференцияның үздік жобалары анықталды

news.title_ru

Energo University-де 1-ші және 2-ші курс студенттері арасында физика және электр текника кафедрасы ұйымдастырған «Қазақстандағы және әлемдегі АЭС мәселелері бойынша студенттердің идеялары, қөзқарастары және шешімдері»  атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.

Конкурстық комиссияның қарауына 20 ғылыми жұмыс тапсырылды. Қазылар алқасы баяндамаларды қарап, келесі студенттерді марапаттауға ұсынды:

1-орын

Камиль Замалиев (АКИ-23 тобы). Тақырыбы «Энергияны үнемдейтін сорғылардың электр энергиясын тұтынуды оңтайландырудағы рөлі: жетістіктері мен болашағы». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Г.К. Наурызбаева

2-орын

Әсет Жексенбі (ЭЭк-23 тобы). Тақырыбы «Қазақстанда АЭС салудың тиімділігі мен болашағы». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Р.С. Калыкпаева 

3-орын

Қыдырәлі Алмасов (АУк-23 тобы). Тақырыбы «Физика. Атом. Энергетика». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Р.Н. Сыздыкова 

Студенттерді және олардың жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы жылға жаңа жеңістер тілейміз!

Студенттік өмір

Бакалавриат

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар