Energo University Энергетика және жасыл технологиялар институты «Электр техникасы және энергетика» мамандығының төрт студенті қос диплом бағдарламасы аясында Мәскеу Энергетика Институтында (МЭИ) білім алуды бастайды.
Мұндай мүмкіндікке іріктеу рәсімінен өткен студенттер Амила Толегенова, Султан Кожамуратов, Жуманияз Сабиржанов және Сергей Шин ие болды.
Energo University және МЭИ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге өткен жылы қол қойылды. Екі елдің жетекші энергетика университеттерінің бұл серіктестігі студенттерге төрт жылдық оқу барысында өз мамандығы бойынша тереңдетілген білім алып қана қоймай, оқуды аяқтаған соң бірден екі диплом – қазақстандық және ресейлік үлгідегі диплом алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады.
Бағдарлама туралы толығырақ келесі нөмірлер арқылы білуге болады:
WhatsApp: +7 707 600 64 93
Телефон: +7 707 160 05 33
Халықаралық ынтымақтастық
Бакалавриат
Қос дәрежелі диплом
Сілтемені көшіру