Energo University - де «Телекоммуникациялық инженерия» кафедрасының базасында цифрлық есепке алу аспаптарын өндіру саласындағы қазақстандық көшбасшы – «Nero Group» компаниясымен бірлесіп Nero Smart Energy жаңа зертханасы іске қосылды.
Жаңа оқу алаңында студенттер газ, су, жылу және электр энергиясын есепке алуға арналған цифрлық шешімдерді қоса алғанда, озық технологияларға, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелер саласындағы әзірлемелерге қол жеткізе алады.
- Қазақстандық компаниялардың жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықты дамытып жатқаны қуантады. «Nero Smart Energy» зертханасы Қазақстандық технологияларда жұмыс істейтін және қазақстандық әзірлемелер мен шешімдерді өндіріске енгізетін жаңа буын мамандарын даярлау үшін маңызды орталыққа айналады, - деп атап өтті Energo University-дің ректоры Ғани Нығыметов.
Оқиғалар
Сілтемені көшіру