Energo University

Байланыс 07.02.2025

EU-дің өкілдері атом саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері жөніндегі отырысқа қатысты

news.title_ru

Energo University-дің энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Ернар Әмитов бастаған делегациясы «Физика және химия ғылымдары» кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген отырысына қатысты.

Кездесу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаңында өтті. Оған бейінді жоғары оқу орындарынан басқа ҚР ҒЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің, ҚР ЭМ атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің, Ядролық физика институтының, Қазақстандық атом электр станцияларының, Қазатомөнеркәсіптің, Ұлттық ядролық орталықтың және Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығының өкілдері қатысты.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының, ғылыми және бейінді ұйымдарының атом саласын дамытуға дайындығы мен мүмкіндіктері: ол үшін кадрлар даярлау, мамандандырылған білім беру бағдарламаларын дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.

Талқылау барысында Energо University-дің сарапшылары қазір сала үшін мамандар даярлауды бастаудың маңыздылығын, сондай-ақ студенттерге жұмыс істеп тұрған объектілерде тәжірибеден өту мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Байланыс

Энергетика

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар