Energo University-дің біліктілікті арттыру орталығы (БАО) «Сарыарка-Автопром» холдингі (Қостанай облысы) компанияларының бірі- «Аллюр – Авто» ЖШС үшін ақпараттық тур өткізді.
Университет бойынша экскурсия барысында серіктестерге «Телекоммуникациялық инженерия», «Электрондық инженерия», «IT-инженерия және жасанды интеллект», «Автоматтандыру және басқару» кафедраларының зертханалары мен стендтері көрсетілді. «Электрмен жабдықтау және жасыл технологиялар» кафедрасы серіктестерге электрмобиль жасау бойынша жаңа білім беру бағдарламасын таныстырды.
«Аллюр-Авто» жобасының жетекшісі Камила Наурзбаева атап өткендей, ақпараттық тур жақсы әсер қалдырды және компания біздің университеттің БАО-ның базасында өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға мүдделі.
БАО басшысы Еркебулан Хасеновтың айтуынша, осындай ақпараттық турлар жалғасып, «Сарыарка-Автопром» холдингінің басқа компанияларына ұсынылатын болады.
Мұғалімдер
Қызметкерлер
Оқыту
Сілтемені көшіру