Energo University-дің Біліктілікті арттыру орталығы (БАО) «Транстелеком» АҚ Алматы филиалының басшы және техникалық буыны үшін көшпелі кездесу өткізді.
БАО-ның басшысы Еркебулан Хасенов, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Игорь Федоренко Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының телекоммуникациялық инженерия кафедрасының меңгерушісі Эльвира Кадылбеккызы компания өкілдеріне Energo
University-дің кең білім беру мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Кездесу барысында компания қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері, сондай-ақ «Транстелеком» АҚ жұмысының белсенді сұранысы мен ерекшелігін ескере отырып, жеке курстарды өткізу мүмкіндіктері талқыланды.
Өз тарапынан компания департаменттерінің басшылығы Energo University-мен бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға, сондай-ақ «Транстелеком» АҚ-да ЖОО студенттерінің тағылымдамадан өту мүмкіндігіне дайын екендіктерін білдірді.
Мұғалімдер
Қызметкерлер
Оқыту
Сілтемені көшіру