15-16 ақпанда Қаскелеңдегі Креативті индустриялар паркінің алаңында «Hack the Bot: тұрғындар мен су тарату пункттері үшін шешім жаса» хакатоны өтті. Іс-шараға Energo University және SDU студенттерінен тұратын бес команда қатысты. Студенттер екі күн бойы су тарату пункттері үшін үдерістерді автоматтандыруға арналған Telegram-боттарды әзірледі.
Хакатонға қатысушылар Креативті индустриялар паркінің тәлімгерлері мен резиденттерінің басшылығымен өз жобаларын құрды және оларды ақпараттық технологиялар, автоматтандыру және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылардан тұратын қазылар алқасының алдында қорғады. Зияткерлік күрестің нәтижесінде жеңімпаздар анықталды: SDU-дан LDAP командасы және Energo University-ден SkyNet және INTS командалары. Олардың барлығы ұйымдастырушылардан ақшалай жүлделерге ие болды.
Қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, хакатон студенттерге өз қабілеттерін көрсетуге, сондай-ақ күнделікті өмірді жайлы ете алатын нақты жобаларды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік болды.
Студенттік өмір
Ақпараттық технология
Сайыс
Жасанды интеллект
Сілтемені көшіру