Energo University - дің төрт жас зерттеушісі «Жас Ғалым» жобасы аясында гранттық қаржыландыруды алды.
«Жас Ғалым» конкурсын жыл сайын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі перспективалы ғылыми жобаларды қолдау, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді дамыту, сондай-ақ дарынды жастарды ғылымға тарту мақсатында өткізеді.
«Энергия, озық материалдар және көлік» бағытында:
Әйгерім Совет,
«Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» бағытында:
Ольга Абрамкина,
Алишер Аден,
Айнагуль Сейтбекова жеңімпаз атанды!
Гранттық қаржыландыру біздің ғалымдарымызға зерттеулерді басым бағыттарда іске асыруға және отандық ғылым мен технологиялардың дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Жетістіктеріңізбен құттықтаймыз және ғалымдарымызға ғылыми қызметте жаңа жаңалықтар мен табыстар тілейміз!
Ғылыми қызмет
Энергетика
Ғарыш
Мұғалімдер
Сілтемені көшіру