Energo University

Сайыс 26.02.2025

EU оқытушылары – республикалық байқау жеңімпаздары

news.title_ru

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Energo University -дің төрт қызметкерін "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы– 2024" атағына ие болуымен құттықтады.

 

Жоғары марапатқа ие болғандар:


Гулмира Кажымуратовна Василина (профессор, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, доцент, Математика кафедрасы)


Санат Төлендіұлы (PhD, қауымдастырылған профессор, Ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі)


Еркебұлан Саметұлы Нұрғизат ( ассистент профессор, Электрондық инженерия кафедрасы)


 Жауыт Әлғазы  (зерттеуші профессор, PhD докторы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қауымдастырылған профессоры, Электрондық инженерия кафедрасы)

"Жоғары оқу орнының  үздік оқытушысы" республикалық байқауы жыл сайын өткізіледі. Биыл арнайы комиссия 900-ден астам үміткердің ішінен ең лайықтыларды іріктеді. Нәтижесінде марапатқа Қазақстанның 38 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы ие болды. Кандидаттарды таңдауда келесі көрсеткіштер ескерілді: электрондық оқу ресурстары мен оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, ғылыми мақалалардың отандық және шетелдік журналдарда жариялануы, өнертабыстарға арналған патенттерінің болуы, оқыту сапасы және тағы басқа.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және кәсіби жетістіктерінің арта беруін тілейміз! 

Сайыс

Мұғалімдер

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар