Energo University

Оқиғалар 01.03.2025

Қазақстандағы New York Film Academy филиалы оқуға қабылдау туралы хабарлайды

news.title_ru

Қазақстанда New York Film Academy (NYFA) филиалы өз жұмысын бастады. Ол АҚШ-тан тыс үшінші NYFA кампусы және Қазақстанда ашылған әлемдік деңгейдегі алғашқы шығармашылық университет.

Қызметті бастау туралы келісімге қол қоюдың онлайн-рәсімі 1 наурызда Energo University-дің алаңында New York Film Academy президенті Майкл Янг пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өтті.

Әлемге әйгілі академияның филиалында оқу осы жылдың 29 қыркүйегінде Алматы маңындағы Қаскелең қаласындағы Energo University-дің Креативті индустриялар паркінің аумағында өте әдемі заманауи және жасыл кампуста басталады.

Филиалда оқытуды АҚШ-тан арнайы келетін NYFA кәсіби дәріскерлері бір жылдық және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары аясында бес бағыт бойынша жүргізеді: Кино (Filmmaking); Продюсерлік ету (Producing); Сценарийлік іс (Screenwriting); Анимациялау және визуалды әсерлер (3D animation & VFX); Ойын әзірлеу (Game design).

Академияның алғашқы қабылдауына Қазақстаннан және өңірдің көрші елдерінен (Қытай, Үндістан, Ресей және т.б.) 200-ге дейін студент қабылдау жоспарлануда. Оқуды бітіргеннен кейін түлектер Америка университетінің дипломдарын және Нью-Йоркте немесе Лос-Анджелесте оқуын Қазақстанда өткен пәндерді есепке ала отырып жалғастыру мүмкіндігін алады.

Қосымша ақпарат алу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мына телефон бойынша: +77076006493, сондай-ақ Алматыдағы NYFA ресми өкіліне хабарласуға болады: +77019990321.

Оқиғалар

Халықаралық ынтымақтастық

Мерейтой

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар