анықталды
Energo University-де «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Іс-шараны Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының IT-инженерия және жасанды интеллект кафедрасы ұйымдастырды.
Олимпиадаға бес мамандықтың студенттері қатысты. Олар тестілеуден өтті және пәндер шеңберінде әртүрлі мәселелерді шешті: дерекқор, компьютерлік желілер, бағдарламалау. Нәтижесінде қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
1-ші орын: Дамир Мертл («Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама» мамандығы бойынша оқиды)
2-ші орын: Аян Мұрат және Ерасыл Темиртасов (Ақпараттық жүйелер)
3-ші орын: Еркебулан Бейсенов, Жомарт Наршаев және Темірлан Өтегенов (Ақпараттық жүйелер)
Жеңімпаздарды құттықтап, Астана қаласында өтетін олимпиаданың екінші, ендігі ЖОО аралық кезеңінде сәттілік тілейміз.
Ақпараттық технология
Олимпиада
Сілтемені көшіру