Шымкентте жасөспірімдер, юниорлар, ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық және жабдықталған жатып сығымдау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Energo University студенті, СИБк-22-8а тобының білім алушысы Нұрәлі Жансай 93 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі юниорлар арасында классикалық жатып сығымдау бойынша 172,5 кг нәтижесімен бірінші орынға ие болды. Ал жабдықталған жатып сығымдау бойынша 220 кг нәтижесімен екінші орынға ие болды.
Сондай-ақ Energo University футзал командасы да тамаша нәтижелер көрсетті. Жігіттер "Қайрат" U17 жастар құрамасымен және ҚазБСҚА құрамасымен екі жолдастық матч өткізді. Екі матчта да біздің жігіттер 5:2 және 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Energo University спортшыларын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз! Тек алға!
Студенттік өмір
Спорт
Жетістіктер
Сілтемені көшіру