14 наурызда Energo University-дің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының автоматтандыру және басқару кафедрасының базасында физиотерапиялық жабдыққа мамандандырылған «Adamant Group» компаниясының жаңа зертханасы ашылды. Бұл зертхана «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге болашақта қызмет ететін құрылғыларды іс жүзінде егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік береді.
Компания университетке УЖЖ терапиясына, лазерлік және магниттік процедураларға, электр және ультрадыбыстық терапияға арналған жабдықты берді. Бұл осы білім беру бағдарламасының екінші зертханасы. Бір жыл бұрын «Ордамед» компаниясы аудиторияны диагностикалық техникамен жабдықтады, енді «Adamant Group» емдеу құрылғыларын қосты. Компания директоры Виталий Савин атап өткендей, олар мамандандырылған жабдықты жеткізушілер ретінде күрделі медициналық құрылғылармен жұмыс істей алатын сапалы мамандарды даярлаудың маңыздылығын түсінеді, сондықтан білім беру бастамаларын белсенді қолдауға тырысады.
«Қазақстанда медициналық инженерлерге сұраныс артып келеді. Біздің міндетіміз-қызмет көрсету бойынша мамандарды ғана емес, жаңа жабдықтарды әзірлеушілерді де даярлау», - деп атап өтті зертхананың ашылу рәсіміндеEnergo University-дің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Айбек Жупанхан.
Анықтама:
«Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» бағдарламасы Energo University-де 2022 жылы ашылды. 2024 жылдан бастап осы ББ бойынша оқитын студенттер бірден екі-біздің университеттің және Анхальт неміс қолданбалы ғылымдар университетінің дипломын ала алады.
Оқиғалар
Ақпараттық технология
Сілтемені көшіру