Energo University

Жетістіктер 19.03.2025

EU студенттері электр энергетикасын автоматтандыру бойынша хакатонда жеңіске жетті

news.title_ru

Energo University қабырғасында Қазақстандағы энергетика саласын автоматтандыру бойынша болашақ мамандарға арналған алғашқы хакатон өтті. Іс-шараны «APS GROUP ENGINEERING» компаниясы және оның серіктестері – «Central Asia Smart Projects», «ALMAENERGY», «APS» және «STD-Building» ұйымдастырды. Олар бірлесіп жобаны әзірлеп, студенттерге қажетті жабдықтарды ұсынды. Хакатон Жұмысшы мамандықтар жылы және Алматы энергетика және байланыс университетінің 50 жылдығына орай өткізілді.

Жарысқа төрт команда қатысты: Алматы қаласынан Energo University және Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Қарағанды қаласынан А.Сағынов атындағы ҚарТУ және Павлодар қаласынан Торайғыров университеті. Студенттер шынайы жабдықтарда күрделі тапсырмаларды орындады. Заманауи қосалқы станцияның стандартты схемасын имитациялайтын стендте командалар алты сағат ішінде жабдықты монтаждаудан бастап, оны іске қосуға дейінгі толық процесті өтуі тиіс болды. Қатысушыларда өзін инженер және IT-маманы ретінде сынап көру мүмкіндігі болды. Олар есептеуіш құрылғылар мен өлшеу аспаптарын қосып, баптауларды реттеді, құрылғылардан деректер жинап, оларды орталық энергетикалық компанияның серверіне жіберді.

Energo University-дің «Energo A&C» (Бекзат Таңатарұлы, Жансерік Қарасай, Ақылбек Серікұлы және Абылайхан Қорабай өздерінің тәлімгерлері Әсемай Қуанышбаевамен бірге) командасы жабдықтарды монтаждау процесін бәрінен жылдам аяқтап, бірінші орынды алды. Екінші орынды – А.Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «STU automation» командасы, үшінші орынды – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Demo SCADA» командасы иеленді. Төртінші орынды Торайғыров университетінің «Power Automators» командасы алды.Барлық командалар берілген тапсырмаларды сәтті орындады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Energo Universityкомандасын жеңісімен құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз!

Студенттік өмір

Энергетика

Ақпараттық технология

Сайыс

Жетістіктер

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар