Energo University Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының Киберқауіпсіздік кафедрасының профессоры Рат Бардибаевқа Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен «Компьютерлік ғылымдар және информатика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
Рат Шындалиевич университетімізде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері. Бердибаев 150 ғылыми еңбектің, 3 монография мен 26 патент пен авторлық куәліктің авторы. Оның ғылыми еңбектерінің едәуір бөлігі Scopus, WOS және Derwent халықаралық базаларында индекстелген. Оның тікелей қатысуымен университетте «Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері» ғылыми-техникалық орталығы және «Сымсыз желілердің қауіпсіздігі және криптожүйелерді жобалау» оқу-ғылыми зертханасы ашылды, ТМД мен Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатылды.
Рат Шындалиевичті құрметті атақ алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Әріптестер мен студенттерге өз жетістіктеріңізбен шабыт беруді жалғасырта беріңіз!
Тағайындаулар
Мұғалімдер
Сілтемені көшіру