Energо University және The Academy at Harvard Square ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, 1,5+2,5 форматындағы қос диплом бағдарламасының іске қосылғанын хабарлады.
Осы серіктестік арқылы Energo University-дің студенттері АҚШ-тың жетекші университеттерінде оқуын жалғастыруға және халықаралық үлгідегі диплом алуға бірегей мүмкіндік алады.
Energo University-дің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Сабина Манапова атап өткендей, бұл біздің студенттер үшін халықаралық академиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және университеттің жаһандық байланыстарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Халықаралық ынтымақтастық
Қос дәрежелі диплом
Сілтемені көшіру