«Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Ерсайын Икрам грэпплинг пен ги грэпплингінен Қазақстан Республикасының Кубогында жеңіске жетті.
Ол барлық төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, чемпиондық атақты жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша Ерсайын ұлттық құрамаға іріктеуден өтіп, енді Қазақстан атынан Азия чемпионатына қатысады.
Жеңіспен құттықтаймыз және халықаралық аренада табыс тілейміз!
Студенттік өмір
Ақпараттық технология
Спорт
Сілтемені көшіру