Energo University

Студенттік өмір 09.04.2025

Energo University: ғарыш әлдеқайда жақынырақ

news.title_ru

Жыл сайын Energo University-дің студенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағына барып, зымыранның ұшырылуын өз көздерімен көруге мүмкіндік алады. 8 сәуірде оқуда және студенттік өмірде ерекшеленген бір топ студенттер ғарыш айлағынан тасығыш-зымыранның ұшырылуын тамашалады. Іс-шараны университеттің Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институты мен Мансап орталығы ұйымдастырды.

Ғарыш айлағы бойынша экскурсия зымыранның ұшырылуын тамашалауды ғана емес, сонымен қатар бірнеше ұшыру алаңдарын, құрастыру цехтарын аралауды және ғарыштық жобаларда жұмыс істейтін инженерлермен тікелей байланыс орнатуды қамтыды.

Алматыда қалған студенттер үшін университеттің Ұшуды басқару орталығынан тікелей эфирде зымыранның ұшырылуын бақылау мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Студенттік өмір

Ғарыш

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар