Energo University

Қонақ дәрісі 11.04.2025

Energo University хабарлайды: дроптар деген кімдер және қаржылық пирамидаға түсіп кетпеу жолдары

news.title_ru

Energo University-де студенттерге арналған дәріс өтті. Шараны Алматы қаласы бойынша ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Рауан Асылханов өткізді. 

Іс-шара жастардың қаржылық сауатын арттыру және заңсыз схемаларға тартылудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесудің басты тақырыбы – қазіргі заман қаржылық алаяқтық түрлерін әшкерелеу болды. Спикер дроптар деген кімдер екенін түсіндіріп берді. Олар көбінесе қылмыстық схемалар аясында ақшаны қолма-қол жасауға немесе бір жерден екінші жерге аударуға пайдаланылатын адамдар. Сонымен қатар, инвестициялық жоба ретінде ұсынылатын, бірақ тез пайда табуды уәде етіп, шын мәнінде қаржылық пирамида болып табылатын схемаларға ерекше назар аударылды.

Energo University студенттерді хабардар болуға, қырағылық танытуға және болашақ мансаптары мен қауіпсіздіктеріне зиян келтіруі мүмкін күмәнді ұсыныстарға алданбауға шақырады.

Қонақ дәрісі

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар