Қазақстандық ғарышкер, Қазақстанның Халық Қаһарманы және ҚР Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры Айдын Аиымбетов Energo University-ге келіп, студенттермен кездесу өткізді. Қонақ өз тәжірибесімен бөлісіп, «Бәйтерек» БК» АҚ Қазақстанның аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы негізгі компаниялардың біріне жұмысқа орналасудың бірегей мүмкіндіктері туралы айтты. Кездесуді университеттің Мансап орталығы мен Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институты ұйымдастырды.
Айдын Аиымбетов посткеңестік кеңістіктегі ірі ауқымды бірлескен Қазақстан-Ресей жобасы болып табылатын «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жөніндегі жұмыс туралы айтып, бұл жоба Қазақстан Республикасының ғарыш мемлекеттері клубына кіруі жөніндегі үлкен саяси қадам болып табылатынын және «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тасығыш-зымырандарды ұшырудан болатын зиянды әсерді айтарлықтай азайтуға бағытталғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта компания 150 инженерлік бос орындардың ашылғанын жариялады, олардың арасында аэроғарыштық және энергетикалық, IT, коммуникациялық және көлік салалары бар. Кәсіпорында жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарды қабылдауға, оқытуға және олардан кәсіпқойларды өсіруге дайын. Барлық жаңа қызметкерлер мен олардың отбасыларына тұрғын үй беріледі. Жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты университеттің Мансап орталығынан және «Бәйтерек» БК» АҚ сайтынан білуге болады.
Қонақ дәрісі
Ғарыш
Сілтемені көшіру