18 сәуірде Energo University базасында Қытайдың Dahua Technology корпорациясының еліміз үшін бірегей оқу зертханасы өз жұмысын бастады. Dahua Technology -бейнебақылау, қауіпсіздік жүйелері және қалалар мен бизнеске арналған интеллектуалды шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Бұл жаналық университет пен корпорация арасында 2023 жылы қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімнің қисынды жалғасы болды.
Зертхананың ашылу салтанатына университет ректоры Ғани Нығыметов пен директор Жень Гуанхао бастаған Қазақстандағы Dahua компаниясының ресми өкілдері қатысты.
Energo University — елімізде мұндай зертхана жұмыс істейтін алғашқы және әзірге жалғыз жоғары оқу орны. Бұл ынтымақтастық «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының студенттеріне бірегей мүмкіндіктер ұсынады:
- Dahua-ның заманауи жабдықтарында практикалық білім алу,
- бейнебақылау, қолжеткізуді бақылау, өрт және газ қауіпсіздігі жүйелерін меңгеру,
- компаниядан халықаралық сертификаттар алу,
- Dahua және оның серіктестерінде тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігі.
Зертхана ең заманауи құрылғылармен жабдықталған: бейнедомофондар, тепловизорлар, «ақылды» бейнебақылау жүйелері, жасанды интеллект негізіндегі түтін және газ датчиктері.
Жоба іске қосылар алдында университет қызметкерлері, оқытушылар Татьяна Голубева, Виктор Тайлаков және Азамат Кальпебаев кәсіби дайындықтан өтіп, Dahua тренер-нұсқаушысы ретінде сертификат алды. Бұл оларға студенттерді корпорация стандарттарына сәйкес оқытуға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы Dahua бөлімшесінің директоры Жень Гуанхаоның айтуынша, компания Energo University-ді ғылыми-зерттеу серіктесі және жоғары білікті кадрларды даярлайтын орталық ретінде қарастырады. Өз кезегінде университет ректоры Ғани Нығыметов мұндай зертхананың ашылуы Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік индустриясын дамыту маңызды екенін көрсететінін атап өтті.
Халықаралық ынтымақтастық
Ақпараттық технология
Сілтемені көшіру