Energo University-де Қазақстанның жетекші оқу орындарының студенттері арасында «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтті. Еліміздің 17 университетінен 52 қатысушы Ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен талдауда сайысқа түсе отырып, кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.
Олимпиада нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – «Тұран» университетінің командасында,
2 орын - Торайғыров университеті мен Energo University командалары бөлісті,
3 орынды Алматы технологиялық университетінің, Қарағанды техникалық университетінің және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің командалары бөлісті.
Барлық жүлдегерлер ақшалай жүлделерге ие болды.
Олимпиада болашақ IT мамандары үшін маңызды оқиға болды, бұл тәжірибе алмасуға және өз білімдерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік берді.
Ақпараттық технология
Олимпиада
Сілтемені көшіру